Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

GGG Шереметамен кездесуі жайлы аңдатпадан соң мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Getty Images/ Harry How / Staff

Қазақстандық чемпион Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінің ресми аңдатпасынан кейін мәлімдеме жасады. Боксшы титулдарды қорғау бойынша рекордқа келе жатқанын атап өтті. Ол бұл жайында өз Twitter парақшасында жазған.

Ол әлем чемпионы атағын 21-рет қорғауға ниетті екенін айтты.

"Жақында кездесеміз. Өз мақсатым - әлем чемпионы титулын 21- рет қорғауды көздеп келемін",- деді ол.

Қазіргі уақытта Геннадий Головкин орташа салмақта IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы титулына ие.

Sports.kz жазуынша, Шереметамен жекпе-жек Голливудтағы Hard Rock Holly казино-қонақүйінде өтеді.

"Бұл жай ғана ойын емес. Үлкен мәнге ие кездесу. Өз қарсыластарыма әрдайым құрметпен қараймын. Шынымен де боксты сағындым, жекпе-жекті осы жылы өткізгім келді",- деді GGG алдағы жекпе-жек жайлы.

Еске салайық, Геннадий Головкинмен жұмыс істейтін DAZN стримингтік қызметі қазақстандық боксшының кезекті жекпе-жегі қай күні өтетінін ресми түрде жария етті - GGG шаршы алаңға 18 желтоқсанда оралатын болды.

Бұл туралы DAZN Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. Стримингтік қызметтің хабарлауынша, 18 желтоқсан күні Головкин рингте IBF нұсқасына үміткер, поляк боксшысы Камил Шереметамен кездеседі.

Жекпе-жек туралы ақпаратты Головкиннің өзі де Instagram желісіндегі аккаунтына суретін жариялау арқылы растады. Шеремета мен Головкин арасындағы жекпе-жек Сауль "Канело" Альварес пен әлемнің британиялық "супер чемпионы" Каллум Смиттің жекпе-жегі қарсаңында өтуі керек екені де айтылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1886344-golovkin-seremetamen-zekpe-zegi-zajly-adatpadan-kejin-mlimdeme-zasady/

pixel