Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесінің көлігін өртеп жіберген отандық блогер сынға қалды (видео)

Жарияланған күні:

Дархан Жолшыбеков әкесінің көлігін өртеді
Фото: Видеодан кадр

Танымал отандық блогер Дархан Жолшыбеков әкесінің көлігін өртеп жатқан видеосын жариялап, желі қолданушыларының ашуын келтірді. Қалың көпшілік желі жұлдызының бұл әрекетіне шүйлігіп, оны сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дархан Жолшыбеков әкесінің ескі көлігін өртеймін деп, желіні шулатты. Жас блогер бірнеше жыл бойы ата-анасына аянбай еңбек еткен темір тұлпарды бір мезетте өртеп жіберді. Ол қираған автокөлікпен қоштасу рәсімін арнайы видеоға түсіріп алып, Youtube желісінде жариялаған.

Бейнежазбада желі жұлдызының көлік үстіне бензин шашып, артынан оны көп ойланбастан өртеп жібергенін көруге болады. Дархан Жолшыбеков бұл әрекетін Тараз қаласының сыртында іске асырған. Оның сөзінше, темір тұлпарды өртеу кезінде барлық қауіпсіздік шаралар сақталған.

Алайда, отандық блогердің бұл ісі барлығына бірдей ұнай қойған жоқ. Кейбір желі қолданушылары оны көлікті өртегені үшін сынап тастады. Олар көліктен бұл жолмен құтылғанша, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға тарту еткені жөн деп санады.

"Әкесіне тиесілі нәрсені қадірлемей ме?" , "Бұл не қылған қылық?" , "Іші қызғандар ғой. Біреулер осыған да зар ғой" , "Ертең кешірім күтеміз. Штраф, экология бұзғаны үшін" , "Одан да маған бере салмадың ба" , "Бір мұқтаж жанға берсең, сауап алар едің", "Атың шықпаса жер өрте" , "Instagram үшін, ақша табу үшін осындай істерге барды" , - деп жазуда көпшілік.

Сонымен қатар, кейбір оқырмандар Дархан Жолшыбековті жақтап шықты. Олардың болжамынша, жас блогер ескі көліктен құтылғанымен, жақында әкесіне жаңа темір тұлпар табыстайтын болады.

Айта кетейік, бұған дейін отандық блогер Daricorn лақап атымен танымал әнші аруға үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Бойжеткен сүйіктісіне тікұшақтың ішінде "иә" деп жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887408-kesini-kligin-rtep-zibergen-otandyk-bloger-synga-kaldy-video/