Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жоғалған 5 және 8 жасар екі бала жазық даладан табылды

Жарияланған күні:

Адасып кеткен балалар
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында 5 және 8 жасар екі бала жазық даладан табылды. Оларды ата-аналары, полицейлер мен еріктілер іздеген деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау органының хабарлауынша, 11 желтоқсанда полицияға Арыс тұрғыны арыз түсірген. Ол 5 және 8 жастағы екі ұлының көшеге ойнауға кетіп, сол күйі оралмағанын айтқан.

Полиция іздеу жұмыстарына бірден кірісті. Тәртіп сақшыларынан бөлек, іздестіру амалдарына еріктілер мен әскери қызметкерлер де жұмылдырылған.

Полицейлер, әскери қызметкерлер мен еріктілер бір тәулікке жуық уақыт бүлдіршіндерді жаяу іздеген.

Жоғалғандарды Арыс аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары тапқан. Балалар қой қорасынан он шақырым жердегі қараусыз қалған шұңқырда отырған. Қатты тоңып, ашығып қалған балаларға ас-ауқат беріліп, үйіне қайтарылған.

Еске сала кетсек, Жамбыл облыстық полиция департаментінің полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім қызды тапқанын жазған едік.

Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы 15 жасар қыздың үйінен таңертең белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмағандығы туралы полицейлерге ақпарат түскен. Жасөспірімнің ақыл-ойы артта қалған және үйден оқытылатын болған.

Полиция қызметкерлері баланы іздеу бойынша дереу шаралар қабылдап, оған еріктілер де жұмылдырылған.

Айта кетейік, полицейлер із-түзсіз жоғалған СҚО тұрғыны 81 жастағы зейнеткер Надежда Агафонованы үш ай бойы іздеп жатқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889139-trkistan-oblysynda-zogalgan-5-zne-8-zasar-eki-bala-zazyk-daladan-tabyldy/