Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Газды үнемдеген": Түркістан облысында екі әйел иіс тиіп қайтыс болды

Жарияланған күні:

Отын
Көрнекі фото: AP Photo / Dave Martin

Түркістан облысында екі әйел иіс тиіп көз жұмды. Қос келіншек газды үнемдемек болып, мұржаны жартылай жауып тастаған болып шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға Жетісай ауданының Жылысу ауылында 14 желтоқсан күні орын алған.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, диспетчер пультіне қоңырау сағат 12.00-де түсті. Оқиға орнына Түркістан облысы төтенше жағдайлар басқармасының төрт қызметкері және медициналық көмек бригадасының үш қызметкері аттанды.

Оқыс оқиға салдарынан 62 және 50 жастағы екі әйел көз жұмды. Көршілер үй иесі газды үнемдеу үшін мұржаны жартылай жауып тастағанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында бір отбасының өмірін жалмаған қайғылы жағдай орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Төрт адамнан тұратын жанұя өрт салдарынан қайтыс болған.

Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды. Олар 28 және 23 жастағы ерлі-зайыптылар мен олардың екі ұлы болып шықты. Бүлдіршіндердің бірі үште болса, кішісі бір жаста болғаны анықталды.

Сонымен қатар, осыдан бірер күн бұрын ғана Алматы қаласындағы спорт кешенінен өрт шыққан еді. Өрт оқиғасы бүгін сағат таңғы 07: 55 шамасында Әуезов ауданындағы Яссауи көшесінде орын алды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 70-тен аса қызметкері мен 19 арнайы техника жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889467-gazdy-nemdegen-trkistan-oblysynda-eki-jel-iis-tiip-kajtys-boldy/