Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда спортшы қыздың бетінен ұрған жаттықтырушы видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

жаттытырушы
Видеодан кадр: instagram.com/sport__mangystau

Әлеуметтік желілерде волейболдан жаттықтырушының шәкіртінің бетінен ұрғаны көрініс тапқан видео пайда болды. Видеода Жаңаөзен спортшылары бейнеленгені айтылған. Бұл жайтқа қатысты Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасының Instagram парақшасында жарияланды. Одан жаттықтырушының спортшы қыздың бетінен бірнеше рет ұрғанын көруге болады.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл жайт Мұнайлы ауданында 14-15 желтоқсан аралығында коронавирус жағдайына байланысты көрермендердің қатысуынсыз өткен спорттық іс-шарада болған.

Видеодағы ер адамның Жаңаөзен қаласындағы № 3 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Азамат Тұрмағамбетов екені анықталған.

"Ол балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушылар қатарында емес. Оны жарысқа ешбір ұйым жіберген жоқ, ол жеке тұлға ретінде қатысты", - дейді басқарма.

Ведомство аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүргізетін комиссия құрылғандығын, Азамат Тұрмағамбетовке қатысты шара қолданылатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстауда пойыз вагоны өртеніп бес адам зардап шеккенін хабарлаған едік.

Өрт "Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызының жүк вагонын шыққан. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін.

Кейін облыстың денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендердің ең үлкені 42 жастағы азамат болса, кішісі 11-де. Олардың бәрі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889628-aktauda-sportsy-kyzdy-betinen-rgan-zattyktyrusyny-reketi-videoga-tsip-kaldy/

pixel