"Банк Хоум Кредит" Алматыда түбегейлі жаңа форматтағы бөлімше ашты
Жарияланған күні:
Түбегейлі жаңа формат, жайлы әрі отбасылық атмосфера, инновациялық дизайн және жаңа технологиялар. "Банк Хоум Кредиттің" жаңа форматтағы бөлімшесі жайлы тағы не білу керек?
Желтоқсан айының басында Алматыда "Банк Хоум Кредит" өз клиенттерін түбегейлі жаңа форматтағы бөлімшенің ашылуымен қуантты. Мұнда әр клиентке жеке қадамды, кәсіби қызметті ғана емес, қайта-қайта оралғыңыз келетіндей жылы отбасылық атмосфераны таба аласыз.
Жаңа бөлімше Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығының аумағында Алматы қаласы Самал ықшамауданы 2, 111 мекенжайында екінші қабатта орналасқан.
Жаңа бөлімше жарқын әрі сәнді дизайнымен ерекшеленеді. Ол сауда нүктелері мен дүкендердің, басқа бөлімшелердің арасында бірден көзге түседі.
Және бірқатар артықшылықтарға ие. Атап айтқанда:
* Терминал аймағы көп функциялы құрылғылармен жабдықталған, онда клиенттер кредитті өз бетінше төлеп, депозитті толтыра алады немесе ақшаны телефонға жібере алады және т.б.
* Тағы бір маңызды айырмашылық - бұл банк клиенттерінің жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін техниканың соңғы сөзі бойынша жабдықталған, арнайы бөлінген, жабық депозиттік және кассалық аймақтар.
* Одан бөлек, әрине, әрдайым өнім таңдауға көмектесуге, кеңес беруге дайын, онлайн режимде электронды кезекке тапсырыс беріп, жайлы дивандарда күтуді ұсынатын мейірімді және жылы жүзді кеңесшілер бар.
Бұдан басқа, клиент банктің Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы жаңа форматтағы бөлімшеге баруды алдын ала брондай алады немесе өз телефон нөмірін тіркей отырып, бөлімшеде де жасай алады.
Өз кезегін күткен уақытта клиенттің көршілес тұрған кофеханадан бір шынаяқ кофе ішуге немесе дүкен аралауға мүмкіндігі бар. Ал кезегі жеткенде ұялы телефонына арнайы хабарлама келеді.
Мұндай қадам қағазды үнемдеп, клиенттерді қажетсіз қағаздардан босатып қана қоймай, уақыт үнемдеп, бірнеше істі бір уақытта жасауға мүмкіндік береді.
«Бұл кеңсені жобалаған уақытта біз банктің «Отбасылар - Отбасыларға» көзқарасына сүйендік және клиенттер қайта-қайта кіргісі келетіндей үй атмосферасын әзірлеуді қаладық.
Біздің мұндай бөлімшеміз Шымкент қаласында бар, алдағы уақытта осындай форматты күллі Қазақстанға енгізсек деген ниетіміз бар»,- дейді бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі жетекші Мария Емельянова.
"Банк Хоум Кредиттің" кез келген бөлімшесіндегідей мұнда клиенттер несие алу, дебеттік және/немесе несиелік карталарды ашу, депозитті рәсімдеу, депозиттік сертификатты сатып алу, қызметтерді төлеу және тағы басқа қызметтерді пайдалана алады.
Ал Жаңа жыл қарсаңында "Банк Хоум Кредит" өз клиенттері үшін керемет сыйлық жасау туралы шешім қабылдады. Ол - 2020 жылғы 1 желтоқсан мен 2021 жылғы 17 қаңтар аралығында өтетін "Otbasy Jana Jyly" акциясының ашылуы.
Бұл акция аясында қазақстандықтар бірден бірнеше байқауға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алуға бірегей мүмкіндік алады.
Сыйлықтар арасында керемет смартфондар, техникаға сертификаттар, "сыйлыққа" несие және тіпті автокөлік ойнатылады.
Толығырақ сілтемеде: https://promo.homecredit.kz/otbasyjanajyly/
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889711-bank-houm-kredit-almatyda-tbegejli-zaa-formattagy-blimse-asty/