Қазақстанда өткен тәулікте пневмония мен коронавирустан 9 адам қайтыс болды
Жарияланған күні:
Қазақстанда коронавирустың белгілері бар пневмонияға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды. 18 желтоқсанда тағы 22 адамға осы ауру диагнозы қойылды деп хабарлайды Coronavirus2020.
"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 22 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 86 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 44360, 470 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 122 жетті",– делінген ресми Telegram арнада.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram арнасының хабарлауынша, өткен тәулікте 7 адам коронавирустың құрбаны болған. 19 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 568 адам короновирус инфекциясынан (13 800 КВИ+ және 11 768 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 397 пациент стационарда, 21 171 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
"259 пациенттің жағдайы ауыр, 38 пациент өте ауыр халде жатыр, 39 пациент тыныс алу аппаратына қосылған", – деді денсаулық сақтау министрлігінде.
Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 18 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырған 719 жағдай тіркелді.
ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев келесі аптада Қазақстан Ресеймен бірлесіп, вакцина өндірісін іске қосатынын мәлімдеді.
Бейнеконференция режимінде өткен іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан президенттері де қатысқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889841-kazakstanda-tken-tulikte-pnevmonia-men-koronavirustan-9-adam-kajtys-boldy/