Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан еріктілерге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі

Опубликовано:

Ғылыми-зерттеу институтында
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына (ҒЗИ) барды деп хабарлайды Primeminister.kz.

Бүгінгі таңда ҒЗИ отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынаудың I және II фазаларын жүргізді. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін 96% деңгейінде көрсетті.

Денсаулық сақтау министрлігі үш мың еріктіге клиникалық зерттеулердің қорытынды III кезеңінің басталуын мақұлдады. Бүгінде алғашқы еріктілер Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында, ҒЗИ-да отандық вакцинамен егілді. 2020 жылғы желтоқсан айының соңына дейін үш мың еріктіні вакцинациялау аяқталады. III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза көлемінде вакцинаның қажетті партиясы шығарылады.

Вакцина
Фото: primeminister.kz

"Отандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады", — деді Асқар Мамин.

Ғылыми-зерттеу институтында
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр вакцина шығаратын биофармацевтика зауытының құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Зауытты 2021 жылы наурыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өндірістің қуаты жылына 60 млн дозаны құрайды.

Үкімет басшысы иммунобиологиялық дәрілік препараттардың, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың отандық өндірісін қамтамасыз ету үшін БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ материалдық-техникалық базасын одан әрі дамыту мен жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Ғылыми-зерттеу институтында
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр ҒЗИ ғылыми қызметкерлеріне арналған 180 пәтерлік үш үйдің құрылыс алаңына барды. 60 пәтерлік алғашқы тұрғын үй 2021 жылы қаңтар айында пайдалануға беріледі.

Еске салсақ, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев келесі аптада Қазақстан Ресеймен бірлесіп, вакцина өндірісін іске қосатынын мәлімдеді.

Оған қоса, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889858-kazakstan-eriktilerge-qazcovid-otandyk-vakcinasyn-eguge-kirisedi/

pixel