RU

Тойдан қайтып келе жатқан отбасының 6 адамы жол апатынан көз жұмды

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қырғызстанда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қайтыс болды, олардың алтауы бір отбасының мүшелері деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан агенттігі.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол көлік оқиғасы 20 желтоқсан күні орын алған.

Бішкек — Нарын — Торугарт тасжолында Volkswagen мен KIA көліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Volkswagen көлігіндегі бір жанұяның тойдан қайтып келе жатқаны белгілі болды.

Онда 8 адам болған, олардың алтауы қаза тапты:

  • 35 жастағы жүргізуші;
  • 26 жастағы жүргізушінің әйелі
  • 63 жастағы жүргізушінің әкесі;
  • 58 жастағы жүргізушінің анасы
  • жүргізушінің 7 жастағы қызы;
  • жүргізушінің екі жастағы баласы ауруханада көз жүмды.

Volkswagen көлігінің екі жолаушысы Тоқмақ аумақтық ауруханасына жеткізілді – жүргізушінің үш жастағы қызы мен 41 жастағы жүргізушінің әпкесі. Дәрігерлер екі пациент те жансақтау бөлімінде жатқанын хабардар етті.  

Ал KIA көлігінде үш адам болған. 29 жастағы ер адам мен 54 жастағы әйел қайтыс болды.

28 жастағы жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Медицина қызметкерлері оның жағдайы қанағаттанарлық екендігін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890394-tojdan-kajtyp-kele-zatkan-otbasyny-6-adamy-zol-apatynan-kz-zmdy/