Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 8-қабаттан құлаған жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды

Опубликовано:

Шымкентте бала қайтыс болды
Фото: otyrar.kz

Шымкентте сегізінші қабаттан құлаған 12 жастағы жеткіншек аман қалып, кейінірек жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

23 желтоқсан сағат 00:45-те дәрігерлер баланың биологиялық өлімін анықтаған деп жазады otyrar.kz. 2008 жылы туған бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына 22 желтоқсанда 21:15-те түскен.

Анасының айтуынша, бала көпқабатты үйдің 8-қабатынан құлап, әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Ол аурухананың жансақтау бөліміне дереу жеткізілген.

Реаниматологтар, хирургтар, кезекші травматологтардан тұратын кеңес шақырылып, бірқатар реанимациялық шара қабылданыпты. Баланың жүрегі екі рет тоқтап қалған.

Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, жеткіншек қайтыс болды. Марқұмда жабық жарақат, бас сүйек сынуы, мидың жарақаты, кеуде және іш қуысы жарақаттары, жұмсақ тіндердің бірнеше жарақаты болған, беті, екі шынтақ буыны көгеріп, қажалған.

Айта кетейік, Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының бастығы Өмірбай Смайылов курсант Саламат Өтегеновтің қазасынан кейін қызметінен босатылды.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, оқу орнына ІІМ кадр саясаты және өзіндік қауіпсіздік департаменттерінің басшылығы мен жауапты қызметкерлерінен құралған арнайы топ жіберілген.

Тексеріс қорытындысы бойынша ішкі істер министрлігінде тәртіптік комиссияның отырысы өткен.

Нәтижесінде өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылау жүргізбегендіктен ішкі істер министрінің бұйрығымен академия бастығы О. Х. Смайылов атқарып отырған лауазымынан босатылған.

Сондай-ақ, оның идеологиялық тәрбие және кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарын да қызметінен босату ұсынылған.

Академияның тағы 16 жауапты қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, олардың бесеуі атқарып отырған қызметінен қуылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1890635-symkentte-8-kabattan-klagan-zasspirim-zansaktau-bliminde-kz-zmdy/

pixel