Енді балаларға арналған Kaspi Gold-ты 10 жастан бастап алуға болады
Жарияланған күні:
Балаларға арналған Kaspi Gold-ты ата-аналардың бірі немесе қамқоршысы өз картасына қосымша ретінде Kaspi.kz мобильді қолданбасында рәсімдеп, атаулы картаны 1 минутта кез-келген Kaspi Картоматта алуына болады.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Енді баршаға сүйікті Kaspi Gold картасын балалар үшін де рәсімдеуге болады. Сондай-ақ, балаларыңыздың телефонына Kaspi.kz қолданбасын ортанып бере аласыз. Біздің сүйікті кішкентай клиенттеріміз үшін интерфейс пен функционалын барынша оңтайландырдық. Біз ата-аналарға балаларын кішкентай кезден қолма-қол емес сатып алу мен өз қаражатын басқаруға үйретуге көмектесеміз деп үміттенемін».
Ата-аналар Kaspi.kz ұялы қолданбасының көмегімен балаларына қалта шығындары үшін ақша аударып, шығындарын көріп, интернеттегі сатып алуды басқарып, ПИН-кодын ауыстырып, картаны бұғаттап/бұғаттан шығара алады.
Аты жазылған Kaspi Gold картасын алғаннан кейін балалар ақша аударып, қолма-қол емес сатып алуына болады және кез-келген банкоматтан айына 10 000 теңгеге дейін шешіп алады. Өз қолданбасында балалар ұялы байланыс, түрлі шараларға арналған билеттер, ойындар мен жолда жүру картасы үшін төлем жасай алады. Сондай-ақ, бонус жинап, оны жұмсай алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890926-endi-balalarga-arnalgan-kaspi-gold-ty-10-zastan-bastap-aluga-bolady/