RU

Алматыда дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

Люди с пистолетом
Фото: polisia.kz

Алматы қаласында дүкенге қарулы шабуыл жасалды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Түрксіб ауданында орналасқан азық-түлік дүкеніне жасалған шабуыл туралы дабыл “102” басқару пультіне түнгі сағат бірде келіп түскен.

Қаланың жедел кезекшісі дереу жақын маңдағы патрульдік экипажды ауыр қылмыс болған жерге бағыттады.

"Полиция қызметкерлері дүкенде 72 жастағы әйел қарсы алды. Оның сөзінше, ғимаратқа медициналық бетперде киген төрт ер адам кіріп келіп, тапаншамен қорқытып, оны бір мәрте аспанға атып, ақша сұраған. Олар дүкенде тағы бірнеше сатушы бар екенін көріп, қорқып, қашып кетіпті.

Алайда күдіктілердің екеуі жасырынып үлгермеген. “Боран-288” патрульдік полиция экипажы осы қылмысқа қатысы бар Алматы облысы Талғар ауданының 20 жастағы тұрғындарын “ізін суытпай” қолға түсірді. Тінту кезінде олардың бірінен пневматикалық тапанша анықталды және тәркіленді", – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының басшысы Еркін Амантаев.

Қазіргі уақытта қолға түскендер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Шабуылдың басқа қатысушыларының жеке бастары анықталып, оларды ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша тіркелгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891179-almatyda-dkenge-karaksylyk-sabuyl-zasaldy/