Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда троллейбуспен болған жол апатынан төрт адам жарақат алды

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Sputnik/ Стрингер

Алматыда троллейбустың қатысуымен жол апаты болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты салдарынан жарақат алған 4 адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға Алматыдағы Қалдаяқов пен Төле би көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, троллейбус Қалдаяковтың бойымен келе жатқан. Ал қоғамдық көліктің жүргізушісі, куәгерлердің сөзіне сенсек, бағдаршамның қызыл белгісіне қарамастан, қиылысқа шығып кеткен. Осы кезде Toyota жол талғамайтын көлігі Төле би арқылы өтіп бара жатады.

Көліктер соқтығысып қалды. Жарақат алған 4 адамның барлығы жапон көлігінің жолаушылары болып шықты.

Еске салсақ, бұған дейін ішімдікке сылқия тойып алған ер адам Киев маңындағы Софиевская Борщаговка елдімекеніндегі тұрғын үй жанындағы тұрақта ондаған көлікке зақым келтіргенін жазған едік. Киев полициясыны ұсынған ақпаратқа сәйкес, ер адам мұндай әрекетке әйелімен жанжалдан кейін барған.

Одан бөлек, Алматы облысында жоғалып кеткен 34 жастағы азаматтың өртеніп кеткен көлігі табылғанын жазған болатынбыз.

Жоғалған Азат Теміртасовтың ерекше белгілері: бойы – 177 сантиметр, қара шашты, қой көзді. Adidas деген жазуы бар спорт күртесін, көк түсті спорт костюмін және қара спорт аяқ киімін киіп кеткен.

Оны көрген-білгендер болса, жергілікті полицияға хабарласуына болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1891204-almatyda-trollejbuspen-bolgan-zol-apatynan-trt-adam-zarakat-aldy/

pixel