Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңіз кенішінде тағы 66 жұмысшы коронавирус жұқтырды

Жарияланған күні:

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 66 жұмысшы коронавирус жұқтырды, емделушілер cаны 669-ға жетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 81 адам коронавирус жұқтырған. Ал 29 науқас емделіп шыққан.

"Коронавирусқа шалдыққандардың арасында Атырау қаласынан 8 науқас тіркелді. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 66 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 4, Құрманғазы ауданында 3 адамнан Сovid-19 анықталды. Науқастардың 11-інде коронавирустың симптомды түрі бар", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір 267 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 103, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 40, Теңіз кенішінде стационарда 669 адам ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, әлемде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай әлі де қиын. Бүгінде 220 елде 84 млн адам КВИ жұқтырған, оның 1 млн 840-ы қайтыс болды. Ал Қазақстан қазір қаупі төмен "жасыл" аймақта тұр.

Алайда, Атырау облысы аса қауіпті "қызыл" аймақта. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары "сары" аймақта.

"Елімізде 156 943 науқас COVID-19 жұқтырған және 45 946 адамға КВИ- диагнозы қойылған. Пациенттердің 87% індеттен жазылып шыққан, ал маусым-шілде айында айыққандар қатары 60% аспайтын", -деді министр.

Биыл 3 қаңтардағы жағдай бойынша, елімізде 18 608 инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде 4 980 төсек-орында науқас жатыр. Реанимация бөлімшесіндегі пациент саны - 320, өткен аймен салыстырғанда 1,3 есеге артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892123-teiz-kenisinde-tagy-66-zmyssy-koronavirus-zktyrdy/