Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте COVID-19 және коронавирус белгісі бар пневмониядан қанша адам көз жұмды

Жарияланған күні:

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

2021 жылғы 3 қаңтарда Қазақстанда коронавирустың белгілері бар пневмонияның 7 жаңа жағдайы тіркелді деп хабарлайды Telegram-дағы "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК" ресми арнасы.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша 2021 жылғы 3 қаңтардағы мәліметке сәйкес, 7 жағдай тіркеліп, 4 жағдай өліммен аяқталған.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 45 991;

Өлім жағдайлары – 513;

барлығы 33 298 адам сауығып шықты.

Статистика
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

5 қаңтардағы ресми мәлімет бойынша, 22 949 адам короновирус инфекциясынан (10 769 КВИ+ және 12 180 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 328 пациент стационарда, 17 621 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Бүгінге дейін пневмонияға шалдыққандардың арасында:

• 302 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған 3 науқас көз жұмды.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария еткен еді. Өткен тәулікте 723 адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды. Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 158 302-ге жетті.

Айта кеткен жөн, Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласы коронавирус жұқтырғандардың санының артуына байланысты COVID-19-дың "сары" аймағына енді. Семей әкімшілігі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты тұрғындарға мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892217-bir-tulikte-covid-19-zne-koronavirus-belgisi-bar-pnevmoniadan-elimizde-kansa-adam-kz-zmdy/