Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда тынбай жұмыс істеген қыз қайтыс болды

Опубликовано:

Бойжеткен
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайда тынбай жұмыс істеген бойжеткен көз жұмды. Ол 23 жаста болған. Марқұм Pin Duo Duo қосымшасында қызмет еткен деп хабарлайды МИР24.

Қытайлық бойжеткен жұмыс күні аяқталған соң түнгі 1:30 шамасында есінен танып қалған. Үйіне қайтып бара жатқан ару сол күйі есін жимай, қайтыс болған.

Бойжеткен еңбек еткен компания оның өлімін растады, бірақ өлім себебі ресми түрде хабарланған жоқ.

"Жұмақта тиісті уақыттан артық жұмыс істемеймін деп үмітеннемін", - деген қыз желідегі соңғы жазбасында.

Оның соңғы ауысымы қанша уақытқа жалғасқаны белгісіз. Бірақ, қытайлық компания жұмысшылары кеңседе таңғы 11-ден кешкі 11-ге дейін демалыссыз отырады деген мәлімет бар. Ал негізгі жұмыс уақыты сағат сегізде аяқталады.

Қытайда электронды сауда саласы "996 жұмыс сағаты жүйесі" деп аталып кеткен. Яғни, басшылар жұмысшылардан аптасына алты күн 12 сағат бойы жұмыс істеуді талап етеді.

Айта кетейік, осыған дейін Қытай көшелерінің бірінде кенеттен аспаннан ақша жауғанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, 17 қазан күні қаражатты зәулім үйдің 30-қабатында тұратын ер адам шашқан екен. Бұған ерекше қуанған тұрғындар дереу асфальтқа түскен ақшаны жинауға кіріскен.

Ал келіп жеткен тәртіп сақшылары жомарттық танытқан азаматты іздеп тауыпты. Шамамен 1 млн 300 мың теңгеге жуық қаражатты (23000 фунт стерлинг) 29 жастағы Ке есімді азамат есірткі қабылдағаннан кейін шашқан болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1892319-kytajda-tynbaj-zmys-istegen-kyz-kajtys-boldy/

pixel