Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа жыл алдында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Жарияланған күні:

Сөмкесі бар жігіт автобус қасында тұр
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда 1 қаңтар күні жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім өлі табылды. Полиция өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша іс қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция бөліміне сілтеме жасап.

1 қаңтарда үйінен шығып кеткен жасөспірімді іздеуге полиция мен еріктілер жұмылдырылған.

Ведомство бұл іс қылмыстық кодекстің 105-бабы – Суицидке апару бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мләмідеді.

Оқиғаның себептері мен өзге де жағдайлар анықталып жатқандығы хабарланды.

Еске салсақ, туған күн мен Жаңа жылды тойлау үшін Маңғыстау облысынан Алматыға келген 17, 18 жастағы екі бозбала туыстарына "бізді бөтен біреулер күштеп ұстап отыр" деп хабарлаған еді.

Жігіттерге дереу іздеу жарияланып, көп ұзамай олар табылды.

Сонымен қатар, Сарыағаш облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне анасы 16 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Тәртіп сақшылары бұл фактіні полиция бөлімінде тіркеп, оқушы қызды іздей бастаған. Тәулік ішінде тәртіп сақшылары 16 жастағы қызды Шымкент көшелерінен тапты.

Айта кеткен жөн, 2020 жылдың 12 желтоқсанында тауға жалғыз кеткен ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түскен болатын.

Құтқарушылар тау беткейінің қауіпті тік болуына және айнала қараңғы болуына қарамастан, жоғалып кеткен адамды іздестіру жұмыстарын белсенді жүргізген. Зардап шеккен адам табылған кезде жағдайы өте ауыр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892524-almatyda-zaa-zyl-karsaynda-zogalyp-ketken-zasspirimni-denesi-tabyldy/