БҚО-да тас жол бойынан ес-түссіз жатқан қыз табылды
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысында күзетшілер тас жол бойында ес-түссіз жатқан қызды тауып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Күзет агенттігінің қызметкерлері Ақылбек Шығамбаев пен Дастан Досқалиев 5 қаңтардан 6-на қараған түні Орал-Саратов тас жолында келе жатқан. Олар жол бойында ес-түзсіз жатқан қызды кезіктірген.
"Біз қала сыртында орналасқан объектіден Оралға қарай келе жаттық. Жол бойында қарда адам жатты. Біз тоқтап, біреуді қағып кетті ме, әлде басқа нәрсе болды ма, қыз тірі ме-жоқ па білмедік.
Ол 27-27 жаста болып көрінді. Көйлек киген, оның колготкасы жыртылыпты. Мүмкін оны зорлағысы келді ме немесе өзі жыртып алды ма түсініксіз. Ол бұйығып жатты, қатты тоңғаны көрініп тұрды", - дейді Ақылбек Шығамбаев.
Оның сөзінше, жігіттер қызды қызметтік көлікке мінгізіп, Зашағандағы полиция бөліміне апарған. Сонымен бірге жедел жәрдем шақырған.
"Қыз көлікте жылынып, есімін атады. Учаскеде мейрамханада демалғанын, бұл жерге қалай тап болғаны есінде емес екенін хабарлады. Біз қатты қорықтық, уақыт кеш болды, тас жол бойында машиналар аз өтіп жатты, егер оны таппасақ, ол тоңып өлуі мүмкін еді", - дейді Ақылбек Шығамбаев.
Зашаған полиция бөлімі кезекшісі, капитан Ербол Мұханғалиев осындай жағдайдың болғанын растады.
"Жедел жәрдем қызды тексерді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты, денесінде жарақаттары болған жоқ. Қыз мас күйде болды, біз одан түсініктеме алдық. Ол ешқандай арыз жазбады, шағымдары болған жоқ. Қыз Зашаған ауылдық округінің тұрғыны емес, ол Оралда тұрады. Тас жолға қалай тап болғаны есінде жоқ", - дейді Ербол Мұханғалиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893132-bko-da-tas-zol-bojynan-es-tssiz-zatkan-kyz-tabyldy/