Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені ұрлап кетті, көмектес": ШҚО-да үш жігіт ер адамды ұрып-соғып, көлігін ұрлап кеткен

Опубликовано:

Көлік аяз күні жолда  жүріп келе жатыр
Көрнекі фото: Julian Stratenschulte/Picture alliance/Getty Images

Жаңа жыл қарсаңында ШҚО-ның Ұлан ауданы Бестерек ауылының тұрғыны полицияға белгісіз біреулер күйеуін соққыға жығып, оның Nissan Note автокөлігін алып кеткенін айтып, жүгінген.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, хабарламадан кейін "Ұстау" жоспары жарияланып, тәртіп сақшылары көлікті іздей бастаған.

Тергеу барысында күндіз үш жігіт Өскемен қаласының маңынан (Меновой ауылы) қалада жүру үшін таксиге тапсырыс бергені анықталған.

Кейінірек жолаушылар жүргізушіден өздерін қала сыртына апаруды сұраған. Алайда ол мұндай тасымалмен айналыспайтынын айтып, қалааралық такси шақыруға кеңес берген.

Жас жігіттер жүргізушіні көндіріп, ол бағытын өзгертуге келісім берген. Осылайша олар Бестерек ауылына барған. Үш жігіт жолда таксисті ұрып-соғып, оны артқы орындыққа отырғызған.

Осы сәтті пайдаланған жәбірленуші қозғалыс кезінде көліктен секіріп кетіп, содан кейін әйеліне қоңырау шалып үлгерген.

"Мені ұрлап кетті, көмектес", - деп айтқан ер адам.

Келіншек бірден полицияға хабар берген. Осы уақытта ер адам жолдағы көліктерді тоқтатпақ болғанымен ешкім жәбірленушіні өзімен ала кетпеген.

Тек "ГАЗель" жүргузішісі ер адамға қауіп төніп тұрғанын түсініп, оған көмекке келген.

ШҚО полиция дептарментінің басшысы Сағат Мәдиевтің айтуынша, полиция қызметкерлері оқиға орнына 30-40 шақырым жерден Тарғын ауылы маңынан ұрланған көлікті тапқан.

Кейін тәртіп сақшылары 24-34 жас аралығындағы үш жігітті ұстаған. Олардың екеуі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болған.

Ұрланған Nissan иесіне қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893339-meni-rlap-ketti-kmektes-sko-da-s-zigit-er-adamdy-ryp-sogyp-kligin-rlap-ketken/

pixel