Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ: 2021 жылы коронавирусқа қарсы ұжымдық иммуннитет қалыптаспайды

Опубликовано:

Тәжвирус карантин
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан вакциналарға қолжетімділіктің артуына қарамастан, коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 2021 жылы қалыптаспайтынын айтты деп хабарлайды centralasia.media.

Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың пікірінше, ұжымдық иммунитетті жеңілдететін факторларға дамушы елдердегі вакциналарға шектеулі қолжетімділік, вакцинацияға деген скептицизм және мутация мүмкіндігі жатады.

АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Германия және басқа да ЕО елдерін қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша көптеген ел жаппай вакцинация науқандарының алғашқы сатысында тұр.

Ұжымдық иммунитет бір топ адам жұқтырудың алдын алатын инфекцияға қарсы иммунитетке ие болған кезде пайда болады.

"Біз 2021 жылы ұжымдық иммунитеттің қандай да бір деңгейіне жете алмаймыз", - дейді Сваминатан брифингте.

Сондай-ақ ол әлеуметтік арақашықтық, қол жуу мен маска тағу сынды шаралар әлі де коронавирустың алдын алуға қажет екенін еске салды.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде "ДДСҰ-ның әлемде COVID-19 пандемиясы жоқ және болмаған деген" мәлімдемесіне сілтеме жасалған хабарлама пайда болды.

Көптің талқысына түскен ақпаратты Stopfake.kz сайты зерттеп, оның жалған екенін хабарлады.

"Бұл фейктің шығуына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2020 жылғы 8 маусымда өткен баспасөз брифингі себеп болды. Әлемде пандемия жоқ деген сөзді осы ұйымның өкілі, эпидемиолог Мария Ван Керкхове айтқан дейді.

Шындығында, Мария бұл туралы ештеңе айтпаған. Ол брифингте ауру белгілері жоқ науқастар COVID-19 белгілері бар адамдарға қарағанда басқаларға аз қауіп төндіретінін мәлімдеген", - деп жазады сайт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893354-dds-2021-zyly-koronaviruska-karsy-zymdyk-immunnitet-kalyptaspajdy/

pixel