Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдық полицейлер 600 қойы бар қойшыны құтқарды

Опубликовано:

Фото
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қар құрсауынан отарында 600 қойы бар қойшыны құтқарды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, 12 қаңтар күні сағат 22:30-да Талас ауданының полиция бөліміне Үшарал ауылының маңындағы жайылымнан 600 бас ұсақ қара мал айдаған 25 жастағы қойшының отары жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары шопанның таңғы сағат 6.00-де қой табынын жайылымға шығарып, белгіленген уақытта қайтып оралмағанын анықтады.

"Полиция қызметкерлері 6 автокөлікпен шопанды іздеуге шұғыл аттанды және жайылымнан 45 шақырым жерде оны отарымен бірге тапты. Қойшы кенеттен жауған қалың қар мен тұманның салдарынан адасып, мал қораға жете алмағанын жеткізді", - делінген хабарламада.

Осы орайда полицейлер малды қараусыз қалдырмауға, сонымен қатар қысқы кезеңде мал қорадан алыс жерлерге отарды жаюға жібермеуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893637-zambyldyk-policejler-600-kojy-bar-kojsyny-ktkardy/

pixel