Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында көліктің үстіне мініп жүгірген пранкер ұсталды

Опубликовано:

Пранк
Фото: polisia.kz

Алматы облысында жаяу жүргіншілер өткелінде көліктердің үстіне мініп жүгірген пранкер ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Қапшағай қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері өзінің Instagram парақшасына ролик түсірген пранкерді тұтқындады. Енді оның заң алдында жауап беруіне тура келеді.

"Полиция қызметкерлері бірер күн бұрын пранк түсірген 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам әзіл үшін жаяу жүргіншілер өткелінде көліктердің үстінен жүгіріп өткен, сол арқылы өзгелерді сыйламау және қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттерін жасаған", - дейді Қапшағай қаласы ПБ басшысы Манат Айтмұхамбетов.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, кез келген құқықбұзушылық әрекет заңмен жазаланады.

"Аталған факті бойынша ҚР ӘҚ кодексінің 434 бабы, 1 бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта жиналған әкімшілік материал процесуалдық шешім қабылдау үшін қалалық сотқа жіберілді", - деді Айтмұханбетов.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде балконнан салбырап тұрған ер адамның видеосы қызу талқыға түскен еді. Бірі мұны көңілдестің әрекеті деп болжаса, енді бірі адамның жеке өмірін талқыламауға шақырған болатын.

Алайда бұл видеоның әдейі түсірілгенін анықталды. Алматылық пранкер Аян Першанов әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болу үшін осындай қадамға барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893840-almaty-oblysynda-klikti-stine-minip-zgirgen-pranker-staldy/

pixel