Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында 23 қаңтардан бастап карантин шектеуі күшейтіледі

Жарияланған күні:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қарағанды облысында ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынады, демалыс күндері қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Осы және басқа да шектеулер 23 қаңтар күні сағат 00:00-ден бастап облыс аумағында енгізіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Saryarqa YouTube-арнасында өткен брифингіде өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеді.

"Осы жылдың қаңтар айында өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 44%-ға немесе өткен айдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе өсуі байқалады. 18 қаңтардан бастап Қарағанды облысы "сары" аймаққа енді. Осыған байланысты бірқатар шектеу шарасын енгізу туралы шешім қабылданды", – деді облыстың бас санитар дәрігері.

ХҚКО, банк және "Қазпошта" бөлімшелерінің жұмысы 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарады. Олар алдын-ала жазылу бойынша (әлеуметтік қашықты, маска режимін, термометрияны сақтай отырып, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып) жұмыс істейді.

Қызметкерлер саны 15 және одан да көп ұйымдар штатының 60% қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.

Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс, мереке және демалыс күндері жұмыс істеу режимі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс (50 отыратын орыннан артық емес). Ұжымдық және еске алу іс-шарары өткізілмейді.

Тамақты өзімен алып кету және жеткізу уақыты шектелмейді.

Мәдениет нысандарының қызметі толымдылығы 20%-дан аспайтын жағдайда жүзеге асырылады. Дайындық тек 30 адамнан аспайтын жағдайда ғана мүмкін болады.

Кинотеатрлар көрермендермен толығуы 20%-дан аспаған жағдайда жұмыс істей алады (30 адамға дейін).

65 жастан асқан адамдарға аса қажет болмаса тысқа шығу шектелді.

Жексенбіде жабық азық-түлік және азық-түлік емес базар, сауна, монша, СПА орталық, массаж салоны, ОСО, СҮ, ауданы 2 000 шаршы метрден асатын сауда желілерінде азық-түлік супермаркеті, дәріхана, сән салоны мен химиялық тазарту орындарынан басқаларының қызметі тоқтатылады.

Жұмыс күндері сауна, монша, СПА және массаж салоны 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Сенбі және жексенбі күндері облысішілік қалааралық тұрақты жолаушылар тасымалының қозғалысы тоқтатылады: Қарағанды-Теміртау-Қарағанды, Қарағанды-Саран-Қарағанды, Қарағанды-Абай-Қарағанды, Қарағанды-Шахтинск-Қарағанды, Қарағанды-Шақан-Қарағанды, Қарағанды-Топар-Қарағанды.

"Коронавирустың алдын алу көбінесе өзімізге байланысты. Маска тағып жүру екі, тіпті үш есеге дейін аурудың алдын алу мүмкіндігін арттырады. Тек күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз осы індетпен күресте, оның ішінде біздің өміріміз үшін, туыстарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін күресте нәтижеге қол жеткізе аламыз", – деді Юрий Залыгин облыс тұрғындарына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894603-karagandy-oblysynda-23-katardan-bastap-karantin-sekteui-ksejtiledi/