Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарияланған күні:
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1134 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 171 232-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"Қазақстанда өткен тәулікте 1134 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 198
Алматы қаласы - 112
Шымкент қаласы - 10
Ақмола облысы - 108
Ақтөбе облысы - 18
Алматы облысы - 92
Атырау облысы - 74
Шығыс Қазақстан облысы - 43
Жамбыл облысы - 21
Батыс Қазақстан облысы - 45
Қарағанды облысы - 72
Қостанай облысы - 68
Қызылорда облысы - 7
Маңғыстау облысы - 17
Павлодар облысы - 151
Солтүстік Қазақстан облысы - 76
Түркістан облысы - 22.
Естеріңізге сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдаған болатын. Кездесу барысында үкімет басшысы Қазақстан президентіне елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.
Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуалдың бақылауда екенін жеткізді.
Премьер-Министр Президентке коронавиурсқа қарсы вакциналар жөнінде мәлімет берді. Қазіргі уақытта отандық QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтың ІІІ сатысынан өткізіліп жатыр. Оның алдын ала тиімділігі 96 пайызды құрайды. «Спутник V» вакцинасының сапасы аттестациядан өткізілуде. Сондай-ақ GMP стандарты бойынша вакцина шығаратын биофарм зауытының құрылысы жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894621-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandardy-sany-krt-sti/