RU

Арнайы комиссия: Ақтөбе шахтасында қаза тапқан 4 жұмысшының өліміне жұмыс беруші айыпты

кен орны1
Көрнекі фото: pixabay.com

"Ақтөбе мыс компаниясы" шахтасында мерт болған төрт кеншінің өліміне жұмыс беруші айыпты. Арнайы комиссия мүшелері тексеріс соңында осындай шешім шығарған деп хабарлайды Астана арнасы.

Тергеу нәтижесі жұмысшылардың жарылыстан кейінгі улы газға тұншығып қалғанын көрсеткен.

Кеніштің бас инженерінің салғырттығынан, шахтада желдеткіш қосылмай қалған көрінеді. Оның үстіне, участок басшысы жұмысшылар қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені айтылды.

Б. Нәдірқызы

Еске сала кетсек, қайғылы жағдай 2020 жылдың 30 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де тіркелді.

Хромтау ауданы Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан "Ақтөбе мыс компаниясының" ЖШС-не қарасты "Весенняя Аралчинская" шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізген төрт кенші қайтыс болып, бірі аман қалды.

Еңбек инспекциясындағылар кенші қорғаныш құралдарын қолданғанның арқасында аман қалғанын айтты.

Кейін марқұмның туыстары істің жіті тексерілуін талап етіп, президенттен көмек сұрады.

Сонымен қатар Ақтөбе еңбек инспекциясы басқармасының еңбек инспекторы Артур Әуезов Ақтөбе мыс компаниясы бір реттік көмек ретінде қаза болған жұмысшылардың отбасына 20 миллион теңге бөлетінін айтты.

Сонымен бірге барлық отбасының баспана мәселесі шешілетінін яғни әр отбасына бір пәтерден берілетінін, балалары 18 жасқа толғанша әкелерінің еңбекақысын алып отыратынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895024-arnajy-komissia-aktbe-sahtasynda-kaza-tapkan-4-zmyssyny-limine-zmys-berusi-ajypty/