Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қаруланған адамдарды ұстау сәтінің видеосы тарады

Опубликовано:

Полиция
Фото: Алматы ПД

Алматылық полицейлер қаруланған адамдардың ізінен қуып, біреуін ұстады. Ол тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен.

23 қаңтарға қараған түнде Медеу ауданының полицейлері күдікті көлікті көріп қалды. Олар тексеріс жүргізбек болған кезде жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік Түрксіб ауданы Сейфуллин көшесінде тоқтатылып, ұсталды.

Жүргізуші мен екі жолаушы көлікпен шығып, полицейлерден қашты. Олар жола пышақ пен автоматқа ұқсас затты лақтырып жіберген. Күдіктілердің біреуі қолға түсті. Екеуі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады полиция. 

Олар қару мен өзге заттарды қайдан алғаны анықталып жатыр.

Айта кетейік, Алматыда автокөліктің айнасын үптеп кетуді кәсіп еткен 35 жастағы ер адам ұсталды.

Полицияның мәліметінше, күдікті бұған дейін дәл осы қылмыспен сотталып, жақында ғана түрмеден шыққан. Жедел іздестіру кезінде қолға түскен азамат қылмысын түнгі уақыттарда жасап жүргенін айтқан.

Ол автотұрақта тұрған көліктердің айналарын шешіп алып жүрген. Артынша қара базарда сатқан. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Полиция департаменті оның өзге де қылмыстық іске қатысы бар-жоғын тексеруде.

"Тұрақта тұрған көліктердің бүйір айналарын бұрағышпен шешіп алып жүрген. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатыстығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тіркелді", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895267-almatyda-karulangan-adamdardy-stau-stini-videosy-tarady/

pixel