Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, тағы үшеуі зардап шекті
Жарияланған күні:
25 қаңтарда Ақтөбе-Астарахан тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, тас жолда Lada Largus пен Nissan көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында ресейлік көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болған.
Сонымен бірге Lada-ның екі жолаушысы мен жол талғамайтын көлікті жүргізушісін ауруханаға жеткізген.
Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілеге арақашықтықты, жол ережелерін қатаң сақтап, мұқият болып, ауа райын ескере отырып жылдамдық режимін таңдау керектігін ескертеді.
Еске сала кетсек, Атырау облысында жол апатынан ер адам мен кішкентай бала қайтыс болғанын жазған едік.
Granta мен KIA RIO көліктері бетпе-бет соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен кішкентай бала қаза тапты. Бір жолаушы ауыр жарақат алды.
Ақ Жайық басылымының дерегінше, 18 жасар жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысып жатыр.
Одан бөлек, 22 қаңтарда Атырау-Доссортас тас жолының бойындағы жол апатынан бір әйел қаза тапқан болатын.
Бейресми ақпарат бойынша, Доссордан 10 км шамасында Opel мен "КамАЗ" соқтығысқан. Салдарынан Opel көлігіндегі жолаушы әйел жарақат алып, ауруханаға жетпей қайтыс болғаг. Қазір тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895557-aktbe-oblysynda-zol-apatynan-eki-adam-kz-zmyp-tagy-seui-zardap-sekti/