Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мүгедек қыз зорланды: Еңбек министрлігі тексеруді бастады

Опубликовано:

Қағаздарды тексеру сәті
Көрнекі фото: Getty Images/ Nipitphon Na Chiangmai / EyeEm

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі І топтағы мүгедек қыздың зорланғаны туралы ақпараттан кейін Шымкент қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жоспардан тыс тексеру жүргізбек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоспардан тыс тексеру жүргізуге шымкенттік Әлия Мамутованың үндеухаты негіз болған.

Келіншектің сөзінше, оның І топтағы мүгедек қызы мекемеде 7 жыл бойы зорланып келген. Тіпті үндеу жасаған ана қызына дәрігерлердің спираль салып бергенін де айтқан.

Осыған байланысты ведомство арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын тексеру мақсатында мониторингтік топ құрады.

Мониторингтік топтың құрамына бейінді, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және т. б. өкілдері кіреді.

Комиссия қамқорлыққа алынғандарға қатысты тұру, тамақтану, төсек-орын жабдықтарымен, киіммен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілу жөніндегі стандарттардың сақталуын, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтердің сапасын тексереді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның қызына қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы арызы бойынша қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен (бірнеше рет жасалған зорлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895571-symkenttemgedek-kyz-zorlandy-ebek-ministrligi-tekserudi-bastady/

pixel