Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

219-ы Павлодар облысынан: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті

Жарияланған күні:

Алматы бетперде1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 1397 адамда коронавирус анықталды. Осылайша ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 181 117-ге жетті деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Өткен тәулікте коронавирус анықталғандар аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 147

Алматы қаласы - 139

Шымкент қаласы - 10

Ақмола облысы - 213

Ақтөбе облысы - 6

Алматы облысы - 64

Атырау облысы - 70

Шығыс Қазақстан облысы - 53

Жамбыл облысы - 23

Батыс Қазақстан облысы - 95

Қарағанды облысы - 78

Қостанай облысы - 141

Қызылорда облысы - 11

Маңғыстау облысы - 10

Павлодар облысы - 219

Солтүстік Қазақстан облысы - 108

Түркістан облысы - 10.

Сонымен қатар өткен тәулікте 1 398 адам індеттен жазылып шыққан. Жалпы ел бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 163 156.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде 27 119 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 492 пациент стационарда, 20 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

266 адамның жағдайы ауыр, 39 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 25 қаңтардағы мәлімет бойынша аталмыш диагноз 130 адамға қойылып, 1 жағдай өліммен аяқталған. 128 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін 47 575 COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырып, 559-ы қайтыс болған, 35 348-і жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895824-elimizde-tken-tulikte-koronavirus-zktyrgan-1400-ge-zuyk-trgyn-tirkelgen/