Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айына 45 мың бересіңдер": Кентаулық шенді полицейдің әңгімесі желіде тарады

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Түркістан облысы Кентау қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары қоластындағы қызметкерлерден ақша талап еткені туралы аудиоматериал әлеуметтік желілерде тарап кетті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, ол бұған дейін де дәл осындай әрекеті үшін жұмыстан қуылған екен. Алайда, сот арқылы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп, қызметін қайтарып алған. Енді жағдай екінші рет қайталанып, қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалыпты деп жазады "Азаттық рухы" басылымы.

Аудиожазбаның толық нұсқасы әлеуметтік желілерде таралып кеткен. Онда шенді полицейдің қоластындағы қызметкерлеріне қанша ақша жинау керегін, прокурорлармен, сотпен дос болып, оларға сыйлық жасап тұру қажет екенін айтқаны анық естіледі. Аудиоматериалда балағат сөздер өте көп. Ол талапқа көнбеген полицейлерді жұмыстан шығаратынын айтып қорқытқан.

Ары қарай бастық арыз жазуға көнбеген қызметкерге күш қолдануға кіріседі. Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға қатысты тексеру жүргізіліп, оның қызметтен босатылғанын, алайда ол соттасу арқылы орына қайта келіп алғанын мәлімдеді.

"YouTube желісінде Кентау ҚПБ бастығының орынбасары қызметкерлерден ақша сұрағаны мен бейәдеп сөздері туралы аудиожазба таралған. Бұл жайт бойынша Түркістан облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеру жүргізілді. Аталған қызметкердің мәселесіне қатысты құжаттар жинақталып, тәртіптік комиссия отырысында қаралды.
Түркістан облыстық ПД бастығының №575 ж/қ бұйрығымен Кентау ҚПБ бастығының орынбасары лауазымынан босатылды. Лауазымынан босатылған қызметкер 28.10.2020 жылы Түркістан облыстық сотына арызданып, сот "жазалау туралы" бұйрықтың күшін жойып, облыстық соттың шешімімен қызметкер (Ахан Сапарбеков – ред.) бұрынғы қызметіне қайта орналасты", - деді Түркістан облыстық ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Кентау қаласының тәртібіне жауапты бірінші орынбасар бұрынғы қызметіне келе сала бұрынғы әдетіне қайта көшкен. Оның үстінен қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Бірақ, ол қызметтен әлі шеттетілмеген.

"Қызметкердің қайтадан қарамағындағы полицейлерге дөрекілік танытып, ай сайын ақша жинайтыны туралы аудиожазба YouTube желісінде таралды. Сондықтан бүгінгі таңда аталған жайтқа сәйкес Түркістан облысытық ПД ӨҚБ-мен ҚР ҚК-нің 362-бабымен (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктердi асыра пайдалану) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде", - деді Салтанат Қаракөзова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896000-ajyna-45-my-beresider-kentaulyk-sendi-policejdi-gimesi-zelide-tarady/

pixel