Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада кәуап жеуге келген қос ғашық дәмханада төбелес шығарды

Опубликовано:

Кәуап
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда кәуап дайындайтын дәмханада жаппай төбелес болды. Жанжалға қыз бен жігіттің есеп айырыспай кетуге оқталғаны себеп болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Instagram-дағы qumash_kz паблигінде елордадағы дәмханалардың бірінде түсірілген видео жарияланды.

Қыз бен жігіт дәмханаға кәуап жеуге келген. Алайда есеп айырыспай, кетіп қалмақ болыпты. Шыға берісте қос ғашықты дәмхананың әкімшісі тоқтатып, ақша төлеуді сұраған. Мұның арты жаппай төбелеске ұласты. Дәмхана қызметкерлеріне аспазшы да көмекке жүгірген.

Видеодан қыздың тапаншаға ұқсас затпен персоналды қорқытқанын байқауға болады.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Жаппай төбелес 22 қаңтар кешкі жетілер шамасында болған. Полицияға дәмхананың аспазшысы арызданды.

"Аспазшы бұзақы клиенттер тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, оған дене жарақатын салғанын айтты. Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталды. Сараптама нәтижесі тәркіленген қарудың балаларға арналған ойыншық тапанша екенін көрсетті", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1896024-aksa-tlemegen-elordada-kuap-zuge-kelgen-kos-gasyk-dmhanada-tbeles-sygardy/

pixel