Павлодарда төрт жасөспірім қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Жарияланған күні:
Павлодарда жасөспірім мен тағы үш кәмелет жасына толмаған қызды зорлау ісі бойынша алқабилердің қатысуымен сот отырысы өтті. Халықтан сайланған судьялар айыпталушының кінәсі толық дәлелденді деген шешімге келген. Нәтижесінде ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.
Сотта ер адамның 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін жасөспірім қызды зорлады деп айыпталғаны айтылған.
Одан бөлек тағы үш кәмелет жасына толмаған қыз айыпталушының құрбаны болған. Күдікті қолға түскеннен кейін оның гаражынан қару-жарақ, ал үйінен есірткі табылған.
Сотталушыға үкімді судья Қадырбек Сатабаев оқыды.
Айыпталушы бірнеше бап бойынша әртүрлі жазаға кесілді. Бірақ қорыта келе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілген.
Сонымен бірге үш жәбірленуші моральдық шығын ретінде әрқайсысы 5 миллион теңгеден өндіру туралы арыз берген. Сот олардың өтінішін толық қанағаттандырды.
Еске сала кетсек, Петропавлдың екі тұрғыны мефедрон сатқаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айырылғанын жазған едік.
Полицияның дерегінше, Петропавлда алғаш рет айналымнан алынған "Мефедрон" есірткінің ең қауіпті түрі.
2020 жылдың жазында осы қылмысты жасады деген күдікпен полиция 29 жастағы ер адам мен 19 жастағы қызды ұстаған.
Құқық қорғаушылардың анықтауынша, ұсталған облыс орталығының тұрғыны Ресейдің Омбы қаласынан Көкшетауға Петропавл арқылы синтетикалық есірткі препараттарын тасымалдауды ұйымдастырған.
Тыйым салынған тауар танымал марканың құтысына арналған сүзгілерге салынып, логистикалық компаниялар арқылы жөнелтіліп отырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896026-pavlodarda-trt-zasspirim-kyzdy-zorlagan-er-adam-mir-bojyna-sottaldy/