Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Nova City қазақстандықтар үшін қолжетімді баспана салуды 4 есеге көбейтеді

Жарияланған күні:

Nova city
Фото: BI Group

Nova City компаниясы 8000 отбасының тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында 2021 жылы 30 кешен салуды жоспарлап отыр. Бұл сан өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есеге артық.

Құрылысшылар өршіл мақсаттарға ModeX индустриялық-модульдік зауытының технологияларын пайдалану арқылы қол жеткіземіз деп отыр. Елімізде стандарт санаттағы тұрғын үй салу бойынша флагмандық позицияға ие болған девелопердің тағы қандай жоспарлары барын бүгінгі материалда айтатын боламыз.

Қаңтардың 23 күні зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу үшін пайдалануға болатын бағдарлама іске қосылды. Бүгінгі күні тұрғын үй жағдайын жақсарту мүмкіндігі 700 мыңнан астам қазақстандықта бар.

Құрылыс компаниялары бұл қажеттілікті қамтамасыз етуге дайын ба? Nova City компаниясы салынып жатқан тұрғын үй көлемін өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге арттыратынын мәлімдейді. Олар ModeX индустриялық-модульдік зауытының материалдарын пайдалану арқылы мұндай көлемді қамтамасыз ете алады. Наурыз айында осы технология бойынша бой көтерген алғашқы үй – «7Я» ТҮК-тің үшінші кезегі тапсырылады. Ондағы пәтерлер таза әрлеуде орындалған.

Nova city
Фото: BI Group
«Біз Тұрандағы Nova City, Sezim Qala, "Қайнар" ТҮК-тің бірнеше кезегі мен компания тұрғызатын үйлердің жартысын модульдік құрылыс қағидаты бойынша салуды жоспарлап отырмыз. Кешендердегі 1500 пәтер мемлекеттік қордан жылжымайтын мүлікке кезекте тұрған азаматтарға беріледі», - дейді Nova City Development бас директоры Руслан Мергалимов. – Қалған кешендер ірі панельді үй құрылысы форматы бойынша салынады. Олар: монолитті және кірпіш үйлер. Мәселен, комфорт санаттағы Аru Kala тұрғын үй кешенін айтсақ болады. Ағымдағы жылы оның үшінші және төртінші кезегін іске асыру басталады.
Nova city
Фото: BI Group

ModeX-пен одақтастықтың арқасында зауыт пен өнім желісінің қуатын кеңейту жоспарланып отыр ма?

«Біз зауыт пен шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуді көздеп отырмыз. Атап айтқанда, төбесі үш метр болатын комфорт санаттағы тұрғын үйлер, коттедждер, сондай - ақ модульдік мектептер мен емханалар салу бойынша жоспарлар бар»,- деп атап өтті Р.Мергалимов.

Зауыттың бір артықшылығы – құрылыс мерзімін қысқарту мүмкіндігі. ModeX-те шығатын модульдерден бір үй 6-8 айда тұрғызылатын болады. Бұл Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғын үйге сұранысты ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Nova city
Фото: BI Group

Nova City және BI Group жоғары стандарттардың сақталуын – объектілерді мерзімінде тапсыру, құрылыстың жоғары сапасы, тұрғын үйді сатып алу шарттарының ыңғайлы, әрі клиентке бағдарланған жүйесін біріктіреді. Сондай-ақ компания аумақты кешенді игеруде. Мысалы, Sezim Qala ТҮК аумағында 25-тен астам тұрғын үй кешені салынады. Бұл 5 000-нан астам пәтер. Ауданда екі гипермаркет, "Барыс Арена" мұз сарайы, үлкен ойын алаңы орналасқан. Жақын маңда жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды. Сондықтан мұнда жайлы өмір сүруге қажеттінің бәрі бар.

Компания елорданың оң жағалауында да тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Өйткені, жаңа үй алғысы келетін адамдар туып-өскен сүйікті ауданынан көшуге дайын емес.

Nova City өз географиясын кеңейтіп, енді оңтүстік астанада құрылыс жүргізбек. Алматыдағы бастапқы жоба келесі айда сатылымы басталатын Gúlder тұрғын үй кешенінің 4-кезегі болмақ. Содан кейін девелопер Шымкенттің жылжымайтын мүлік нарығына шықпақ көздеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896375-nova-city-kazakstandyktar-sin-kolzetimdi-baspana-saludy-4-esege-kbejtedi/