Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой: Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамның оны растайтын QR-коды болады

Жарияланған күні:

Алексей Цой
Фото: primeminister.kz

Вакцинацияланған азаматтардың иммундық мәртебесін QR-код арқылы білуге болады. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, денсаулық сақтау ұйымдарын инвентаризациялау бойынша министрлік жұмыс тобын құрған. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарды инвентаризациялау қорытындысы бойынша ұсынымдар дайындалатыны белгілі болды.

Ведомство басшысы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың бағасын реттеу бойынша министрлік қазіргі уақытта олардың шекті бағасын бекіту бойынша тұжырымдама жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

Одан бөлек, жеке категориялы азаматтарға қажетті дәрі-дәрмекті ұсыну бойынша проактивті тұрғыда стандарттар әзірленбек. 

Цойдың сөзінше, ол стандартты мемлекеттік қызмет қатарына қосу мен әділет минимстрлігімен бірлесіп стандартты тіркеу жүзеге асырылады.

Коронавирус бойынша шынайы статистикалық деректерді зерттеу мен халықтың иммундық жағдайын тіркеу бойынша министрлік Санитарлық-эпидемиологиялық ғылыми-тәжірибелік орталығының базасында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр.

Зерттеу бойынша статистикалық деректер тіркелетіні айтылды.

Денсаулық сақтау министрі отандық жеке иммундық статусты QR код арқылы көруге болатын мобильдік қосымша  медициналық "Аshyk" қосымшасымен интеграциялатынын сөз етті.

"Вакцинацияланған Қазақстан Республикасының азаматтарында иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтар болады. Ақпарат EgovMobile қосымшасында қолжетімді болады, ол Ashyq медициналық қосымшасымен біріктіріледі. Минстрлік халықты вакцинация бойынша жоспарды жүзеге асырып жатыр. Жоспар бойынша вакцинациялау бойынша ұсынымдар мен вакциналарды сақтау мен тасымалдау ұсынымдары жасалған. Жұмыс жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр", - деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896858-coj-koronaviruska-karsy-vakcina-saldyrgan-adamny-ony-rastajtyn-qr-kody-bolady/