Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен аяғы ауыр әйел Қарағандыдан табылды

Жарияланған күні:

Гүлнәр Сәрсенова мен Александр Ершов
Гүлнәр Сәрсенова мен Александр Ершов. Фото: отбасылық мұрағат

Ақмола облысы Қосшы ауылында белгісіз себептермен жоғалып кеткен 32 жастағы жүкті әйел Қарағандыдан табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Іздеуде жүрген азаматшаны учаскелік инспектор Қарағанды ​​қаласының Октябрь ауданында жүрген жерінен тапты. Ол мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Оны іздеп жүрген жақындарына хабар берілді", - дейді Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Гүлнәр Сәрсенованың табылғанын оның күйеуі Александр Ершов та растаған. Ер адам әйелімен әлі сөйлеспегенін және көрмегенін алға тартты.

"Ол Майқұдықтан табылды. Әйелім көшеде жалғыз келе жатқан екен. Оны танып қойып, тоқтатқан. Мен онымен сөйлескен жоқпын. Үйге келгенде оның не үшін кеткенін және не болғанын сұрағым келеді", - дейді Александр.
Гүлнәр Сәрсенова
Гүлнәр Сәрсенова. Фото: отбасылық мұрағат

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысы, Қосшы ауылының тұрғыны Гүлнәр Сәрсенованың 14 қаңтарда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді.

Келіншекті күйеуі іздеп, Целиноград аудандық полиция бөліміне жүгінген.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары, еріктілер және күйеуі Гүлнәрды жабыла іздеуге кіріскен болатын.

Жүктіліктің алтыншы айындағы әйелі белгісіз себептермен жоғалған күні Александр Қостанайда болған.

Ол онда 13 қаңтар күні кеткен, ал келесі күні қайтып келгенде, келіншегі үйінде болмаған.

Сол кезде ер адам әйелінің Қарағандыда анасы мен туыстары бар екенін, бірақ олар да оның қайда екенінен бейхабар екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897024-zmbak-zagdajda-zogalyp-ketken-aagy-auyr-jel-karagandydan-tabyldy-foto/