Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Construction Tech: Трендтер мен мүмкіндіктер" панельдік сессиясы Digital Almaty-2021 алаңында өтеді

Жарияланған күні:

BI Group
Фото: BI Group

BI Group холдингі «Digital Almaty 2021 – цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» халықаралық форумының серіктесі болып отыр. Іс-шара 5 ақпанда Алматы қаласында өтеді. Форум аясында «Construction Tech: трендтер мен мүмкіндіктер» панельдік сессиясы ұйымдастырылып, онда сарапшылар құрылыс саласындағы инновацияларды талқылайтын болады. Модератор – BI Group Холдингінің IT бойынша басқарушы директоры Нариман Мукушев.

Құрылыс салушылар пандемия кезінде қалай жұмыс істейді? IT технологиялардың көмегімен нысандарды салу барысын қалай автоматтандыруға болады? E-commerce жылжымайтын мүлік нарығындағы дәстүрлі мәмілелерді ығыстырып шығара ма? Стартап идеясы толыққанды компанияға дейін өсе ала ма? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға саланың жетекші мамандары жауап береді.

«Пандемия өмірдің барлық саласына өзгерістер енгізді. Құрылыс саласын да айналып өтпеді. Ең алдымен, құрылыс жұмыстарын цифрландыру қауіпсіздікті едәуір арттыруға және нысандарды салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Жылжымайтын мүлікті сатып алу мен клиенттерге одан әрі қызмет көрсетуді цифрландыру туралы да ұмытпауымыз керек. Кешендегі осы және басқа да жүзеге асырылатын шаралар тұрғындардың жайлы өмір сүрулерін жақсартуға қозғаушы болуы бәрінен де маңызды», - деп ой бөлісті BI Group Холдингінің IT бойынша басқарушы директоры Нариман Мукушев.
BI Group
Фото: BI Group

BI Group холдингі бірнеше жылдан бері ІТ-қызметтерін дамытып келеді, олардың барлығы BI Ecosystem ауқымды операциялық механизміне біріктірілген. Осының арқасында компанияның 200 мың клиенті жайлы өмір сүруге қажетті, атап айтқанда пәтер сатып алудан немесе «ақылды» үйді басқарудан бастап тамақ жеткізу мен су құбырының шүмегін жөндеуге дейінгі қызметтердің барлық түрін қашықтан ала алады.

Бұл дегеніңіз BI Group компаниясын цифрландыру қарқыны бойынша жетекші орынға және Орталық Азиядағы ең ірі Construction Tech компаниясы санатына шығаратын Қазақстандағы бірінші әрі бірегей цифрлық экожүйе екендігін білдіреді.

Сессия спикерлері:

  • Динара Щеглова, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі,
  • Еркін Әкімбеков, BI Innovations құрылыс индустриясын цифрландыру департаментінің директоры,
  • Мұхтар Қуанышбайұлы, «Connected Home» құрылтайшы директоры,
  • Сырымбет Искаков, «Smartremont» құрылтайшы директоры,
  • Николай Бабешкин, «Kolesa Group» Бас директоры.

Digital Almaty төртінші жыл қатарынан өтіп келеді, дүние жүзіндегі цифрландыру саласындағы жаһандық және өңірлік күн тәртібін, сын-тегеуріндерді, шешімдер мен саясатты талқылауға арналған негізгі алаңдардың бірі болып табылады.

Диджитализация саласындағы күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен жаңа технологиялар саласындағы трендтерді қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың болашағын талқылау форумның негізгі міндеттері болып табылады. Биылғы күн тәртібі пандемияға байланысты туындаған жаһандық өзгерістерді ескере отырып құрылады.

Форумға қатысу үшін тіркелуге сілтеме: https://forum.mdai.gov.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897273-construction-tech-trendter-men-mumkindikter-paneldik-sessiyasy-digital-almaty-2021-alanynda-otedi/