Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының орталығында заңсыз ғимарат бұзылды (фото)

Опубликовано:

Снос дома
Фото: Управление градостроительного контроля

Алматының орталығында заңсыз салынған нысан сүрілді. Бұл туралы қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, қала тұрғыны нысанды ешқандай рұқсатсыз, өз қалауымен тұрғызған. Нысан Радостовец көшесінде инженерлік коммуникациялардың үстіне салынған.

Ведомсво өкілі құрылыс көптеген нормаға сай келмейтінін жеткізді.

"Сот талқылаулары барысында біздің талап арыздарымыз қанағаттандырылды. Нақты шешім шыққаннан кейін нысанды бұзуға кірістік", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомстводағылар меншік иесін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 323-бабы және 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897393-almatyny-ortalygynda-zasyz-gimarat-bzyldy-foto/

pixel