RU

Алматылық бұзақының подъезде біреуді аяусыз соққыға жыққаны видеоға түсіп қалған

Избиение в Алматинской области
Кадры из видео: polisia.kz

Көпқабатты үйдің кіреберісі мен шыға берісінде орнатылған бақылау камералары Алматы облысы, Іргелі ауылындағы оңтүстік астана тұрғынына шабуыл жасаған күдіктіні табуға көмектесті. Оқиғаның мән-жайы Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайтында жария етілді.

Министрліктің хабарлауынша, 3 ақпанда Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 24 жастағы алматылық тұрғын Іргелі ауылындағы көпқабатты үйдің кіреберісінде ұрып-соғу оқиғасы болғаны туралы арызбен жүгінген.

Факт "Бұзақылық" бабы бойынша тіркеліп, оқиға орнына участкелік инспекторлар барады. Болған жағдайды бейнебақылау камералары жазып алғаны анықталып, полиция қызметкері жазбаларды зерттеп шыққан.

Кейінірек шабуыл жасаған күдіктіні тапты. Ол 26 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам бұған дейін бұзақылық әрекеттерін мойындапты.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897508-almatylyq-buzaqynyn-podezde-bireudi-ayausyz-soqqyga-zyqqany-videoga-tusip-qalgan/