Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға бір айда бірнеше рет шетелге шығуға тыйым салынды

Жарияланған күні:

Паспорт құжат3
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда мемлекеттік шекарадан өту тәртібі өзгерді. Жаңа ережелер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ресми сайтында пайда болды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге Қазақстан Республикасы азаматтарының шығуларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тікелей (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе қатынасы қайта орнатылған мемлекеттердің азаматтарына – визалық талаптарды сақтай отырып, егерде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп қарастырылмаған болса - Қазақстан Республикасына кіруге/транзитпен өтуге рұқсат берілсін", – делінген ресми хабарламада.

Одан әрі, ережелерге сәйкес, эпидемиологиялық ахуал жақсармайынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шекарасынан уақытша өте алмайды. Келесі адамдар тобын қоспағанда (тізім толық емес):

  • шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);
  • ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстанға жіберілген ресми делегация және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелері;
  • туыстығын растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын жерлеуге бара жатқандар, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін жерлеу орнына бірге келетіндер;
  • Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты барлар және олардың отбасы мүшелері;
  • ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатындар;
  • Қазақстан аумағындағы оқу орындарында білім алып жүргендер, сондай-ақ олар оқу визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарды ресімдеу, қазақстандық оқу орындарының шақырулары болған кезде емтихандар (тестілер) тапсыру үшін Қазақстан Республикасына келген жағдайда;
  • экстрадициялау тәртібімен берілетін шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан іздестірілуде жүргендер және сотталғандар, сондай-ақ оларды қабылдап алуды – беруді жүзеге асыратын айдау мекемесінің қызметкерлері.

Сонымен қатар, қазақстандықтарға елде 30 күнде бір реттен артық кетуге рұқсат етілді. Оған қоса, бұл жиілік Қазақстан Республикасының келесі азаматтарына қолданылмайды (тізім толық емес):

  • еліміздің дипломатиялық қызметінің персоналы мен олардың отбасы мүшелері;
  • поезд және локомотивтік бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді және халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын поездарды қабылдау, тапсыру және алып жүру операцияларына қатысатындар;
  • денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсете отырып, шетелге емделуге баратындар;
  • туыстығын растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын жерлеуге бара жатқандар, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін жерлеу орнына бірге келетіндер;
  • шет мемлекеттердің аумағындағы оқу орындарында оқитындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан студенттік визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарын ресімдеу, емтихандарды (тесттерді) тапсыру үшін шығатындар;
  • еңбек шарты, келісімшарт, еңбек ету рұқсаты немесе қабылдайтын мекемеден еңбек қызметін жүзеге асыруға өзге де растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелерін, сондай-ақ аталған мақсаттарда шет мемлекетке кіру құқығына рұқсаты бар еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында шетелге шығатындар;
  • Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетке тұрақты тұруға шығатында және/немесе көш-қон визалары барлар.

Барлық санаттар мен мемлекеттік шекарадан өту ережелеріндегі өзгерістер туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897697-qazaqstandyqtarga-bir-aida-birnese-ret-setelge-syguga-tyiym-salyndy/