Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, бір отбасының төрт мүшесі көз жұмды

Опубликовано:

Үй өртенді
Оқиға орны. Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында жеке үйдегі өрттен төрт адам, оның ішінде үш жасар бала көз жұмды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы Дмитрий Растихин хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан.

11 ақпан күні таңертең СҚО төтенше жағдайлар департаментінің 112 телефонына Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында ағаштан соғылған жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.

Көршілерінің айтуынша, үйде бір отбасы тұрған.

"Өрт сөндіру бөлімі келген кезде үйдің шатыры отқа оранып, қою түтін шығып жатқан. Көп ұзамай газ баллон жарылып, шатыр опырылып құлады. Өртті сөндіру кезінде 1993 жылы туған үй иесінің, оның 1992 жылы туған әйелінің, олардың 2017 жылы туған ұлының және әйел адамның (қайтыс болған үй иесінің қарындасы болуы мүмкін) жансыз денесі табылды", - дейді Растихин.

Өрт жеті сағаттан кейін толықтай сөндірілген.

Үй толығымен жанып кеткен. Қатты аяз жалынды сөндіруді қиындатқан. Өрттің себебі және материалдық шығын анықталып жатыр.

"Отбасы әлеуметтік осал топтарға жатпайды, еш жерде тіркеуде тұрмаған. Қайтыс болған ерлі-зайыптының қызы аман қалды, сол түні ол әжесінің үйінде түнеген. Баламен біздің психолог жұмыс істеп жатыр", - деп атап өтті Дмитрий Растихин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай қаласында тұрғын үй өртеніп, бірнеше адамның құтқарылғанын жазған едік.

ТЖД мәліметінше өрт тоңазытқыштағы электр сымының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1898534-soltustik-qazaqstanda-ui-ortenip-bir-otbasynyn-tort-musesi-koz-zumdy/

pixel