Қазақстаннан бір жылда қанша адамның көшіп кеткені белгілі болды
Жарияланған күні:
Қазақстаннан бір жылда 29 мың адам көшіп кетті деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, қоныс аударғандардың 25 мыңнан астамы Ресейге көшіп кеткен. Ұлттық статистика бюросы елден кеткендердің көбі Қарағанды, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары екенін жеткізді.
Одан кейінгі қандастарымыздың үлкен легі Германияға ағылған. Германияға 2250 жерлесіміз қоныс аударды.
Содан кейінгі орындарда Америка Құрама Штаттары, Беларусь, Өзбекстан мен Канада тұр.
Қырғызстан мен Әзірбайжан, тіпті Израильге көшіп кеткендер де бар.
Ал шет елден Қазақстанға құтты мекен іздеп келушілер жоқ емес. Атап айтқанда, 20-ға жуық мемлекеттен елімізге 12 мыңға жуық адам көшіп келген.
Көбісі Ресей, Өзбекстан, Қытай азаматтары.
Қазақстаннан кетіп жатқандардың басым бөлігі солтүстік өңірдің тұрғындары: Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан.
Ал қазақ жеріне қоныс аударғандардың көпшілігі үйді Алматы мен Түркістан облыстарынан алғаны белгілі болды.
Арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын таңдағандар да бар.
Ұлттық статистика бюросы елден кеткен 29 мың адамның 20 мыңнан астамы орыс ұлты деп отыр.
2 жарым мыңы неміс, 2 мың украин, 1300-і қазақ екен. Қазақстанға көшіп келген 11 мың адамның 5 жарым мыңы ғана қазақ. Жалпы, елімізге азды-көпті 20-ға жуық ұлт өкілі көшіп келген.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898566-qazaqstannan-bir-zylda-qansa-adamnyn-kosip-ketkeni-belgili-boldy/