RU

Ақтауға келе жатқан "Түркістан" кемесінен өрт шықты

Кеме
Видеодан кадр: t.me/miirkz/6077

8 ақпанда Говсан (Әзербайжан) портынан Ақтау кемежайына қарай бағыт алған "Түркістан" кемесінен өрт шықты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Telegram арнасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, "Түркістан" кемесінде сол жақ бас қозғалтышының газ түтігі қаптамасы жанып кеткен.

Өрттің Әзірбайжан Республикасының аумақтық суларынан тыс, Чилов аралынан 30 миль қашықтықта болғаны хабарланды.

Экипажда 10 адам, 4 Қазақстан азаматы, 6 Ресей азаматы болған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Бортта жүк болмаған.

"Өрт көмірқышқылды көлемді өрт сөндірудің стационарлық жүйесі арқылы сөндірілді. Зақымдану салдарынан негізгі қозғалтқыш іске қосылмай қалды. Кеме жолдан шығып қалды. Қатты қирау, корпус тұтастығының бұзылуы болмаған", - дейді ведомство.

Министрліктің дерегінше, 9 ақпанда "ЯРЕНГТІҢ" көмегімен кемені сүйреу ұйымдастырылып, 10 ақпанда "Түркістан" кемесі Зира портына (Әзірбайжан) жеткізілген. Тергеу-тексеру шаралары жүргізіледі. Қазіргі уақытта кеме айлаққа байланған. Ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

"Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен комиссия құрылып, оқиға орнына комиссия мүшелері жіберілді", - дейді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898882-aqtauga-kele-zatqan-turkistan-kemesinen-ort-syqty-video/