Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Жарияланған күні:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокуратураның, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы прокуратура басшыларының қатысуымен бейне байланыс режимінде кеңес өткізген болатын.
Жиын алдында мемлекет басшысына "Электронды қылмыстық іс", "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай реестрі", "Субъектілер мен объектілерді тексерудің бірыңғай реестрі", "Электронды арыз-шағымдар" және "Аналитикалық орталық" сияқты цифрлық жобалар ұсынылды.
Президентке прокурорлардың сотқа дейінгі тергеу амалдары бойынша кейбір органдардың шешімдерімен онлайн-режимде келісу үдерісі таныстырылды. Аталған зияткерлік шешімдер президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында қабылданды.
"Дұрыс бағыттағы ауқымды жұмыс атқарылғанын ерекше қуанышпен айтқым келеді. Бұл жұмыстарды кеңейтіп, жалғастыра беру керек. Өйткені цифрландырудың баламасы жоқ", – деді мемлекет басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899085-qasym-zomart-toqaev-zana-zanga-qol-qoidy/