RU

Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл карантинге жабылды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында бүтіндей бір ауыл карантинге жабылып, шектеу шаралары күшейтілді деп хабарлайды 31 арна.

Телеарна мәліметінше, үш мыңға жуық тұрғыны бар Соколовка ауылының жетпіске жуық тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталған.

Ал тұрғындар екі бірдей мектеп карантинге жабылған ауылда шын мәнінде, науқастар саны одан да көп деп отыр.

Соколовка елді мекенінде өткен аптада 16 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Ал бір жарым айда жалпы 66 адам коронавирус жұқтырған.

Тұрғындар оннан артық отбасы үйлерінде карантинде, науқастардың көбісі инфекциялық ауруханаларда емделіп жатқанын жеткізді.

Ал Соколовка орта мектебі мен мектеп интернаты осыдан екі апта бұрын карантинге жабылып, қашықтан оқуға ауыстырылған.

  • Елді мекендегі дүкендер тек 19.00-ге дейін ашық;
  • Одан бөлек, ауылда кешкі 22:00-ден кейін көшеге шығуға тыйым салынған;
  • Демалыс күндері азық- түлік дүкендері мен дәріханалардан басқасы жұмыс істемеуі тиіс.

Қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға тыйым салынғанымен, көбісі карантин ережелерін елемейтінін тұрғындар да жасырмады.

Ал жергілікті билікл Петропавлға күнде барып келіп, жұмыс істеп жүрген тұрғындар вирус жұқтырып келіп жатыр деген пікірде.

"800 адам шетте жұмыс істейді. Көбісі қалада. Осында жұмыс жоқ қой. Содан болуы тиіс. Сосын бір-біріне қонаққа барғанда мүмкін", - дейді Соколовка ауылының әкімі Әскер Сейітов.

Мамандар 14 күн бойы жағдайдың жақсаруын күтпек. Екі аптадан кейін ахуал жақсармаса, блок-бекеттер қойылып, елді мекенге кіріп-шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899136-soltustik-qazaqstanda-butin-bir-auyl-karantinge-zabyldy/