Көлікті кепілден SMS-пен алып тастау: Қазақстандықтар үшін көптен күткен қызмет іске қосылды
Жарияланған күні:
Көптен күткен көлікке қол жеткізудің ең танымал тәсілдерінің бірі - әрине, көлік несиесі. Алайда, соңғы төлем темір тұлпарға ие болу қуанышын аздап басып тастауы ғажап емес, себебі көлікті кепілден алып тастаудың ұзақ және кейде күрделі процедурасы күтіп тұрады.
Ол үшін банктен анықтама алып, әкімшілік полицияға барып, мемлекеттік баж салығын төлеп, құжаттарды кеңсеге тапсырып, ұзақ күту керек. Оның үстіне әркез ұзын-сонар кезектерге тұрып, бірталай шыдамдылық пен күш-жігер жұмсауға тура келеді.
Еуразиялық банк автонесиелеу саласындағы танымал көшбасшы ретінде бұл мәселені алғашқы болып серіктесі Nume Group ЖШС-пен бірлесе отырып шешті.
Көлік несиесі төленгеннен кейін клиентке eubank.kz сілтемесі бар SMS келеді, оған басып өту арқылы көлікті кепілден (ауыртпашылықтан) алып тастауға өтініш беруге болады. Бірнеше өрісті толтырып, құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса беру қажет. Өтінішті Еуразиялық банк пен серіктес өңдегеннен кейін, ол уәкілетті органдарға жіберіледі, ал клиент egov.kz сайтында жағдайды бақылау үшін SMS алады.
Серіктес анықтаған рәсімнің құны келесідегідей: 3 күн ішінде алып тастау - 12 990 теңге және 1 күнде алып тастау - 19 990 теңге. Бағаға мемлекеттік баж салығы, банктік комиссиялар, агенттердің қызметі үшін төлем және өзге де шығыстар кіреді. Айта кетсек, бұл Еуразиялық банктің толығымен онлайн-арналарға ауысып жатқан алғашқы қызметі емес. Банк түбегейлі цифрландыру жолына түскенін және клиенттердің өмірін жеңілдете түсу үшін өзге де ыңғайлы қызметтерді ұсынуды қолға алғанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899211-kolikti-kepilden-sms-pen-alyp-tastau-qazaqstandyqtar-usin-kopten-kutken-qyzmet-iske-qosyldy/