RU

14 жасар балуанды "жеңіл деген бұйрықты" орындамағаны үшін айуандықпен өлтірген

Сүлеймен Тұрсынбаев
Сүлеймен Тұрсынбаев. Фото: www.centralasian.org

Түркіменстанда жарыс кезінде ішкі істер министрлігінің курсантынан әдейі жеңілуден бас тартқан 14 жастағы дзюдошы Сүлеймен Тұрсынбаев қайтыс болды. Бұл туралы тәуелсіз Turkmen.news сайтына сілтеме жасаған Centralasian.org хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда, жарыста жеңіске жеткеннен кейін Тұрсынбаевты белгісіз адамдар ұрлап кетіп, өлімші етіп сабап тастаған.

Марқұмның ата-анасы ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке видео арқылы үндеу жасап, ұлының өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды сұрады.

6 сыныпты аяқтағаннан кейін Олимпиадалық резерв интернатында оқыған Сүлеймен Тұрсынбаев ақпан айының басында Ахал облысындағы жарысқа қатысқан.

Финалға шығардың алдында оған қарсыласынан (ІІМ курсанты) жеңілу керектігі айтылады. Бірақ жасөспірім мұны орындаудан бас тартып, қарсыласын жеңіп, өзінің салмақ категориясында чемпион атанған.

Жарыстан кейін бірнеше жігіт оны көлікке салып әкетіп, өлімші етіп сабап, көшеге тастап кетеді. Ол ауруханада бірнеше күннен кейін қайтыс болды.

turkmen.news сайты марқұмның қарсыласы президенттің ұлы Сердар Бердымұхамедовтің әйелінің туысқаны болғанын жазған.

"Бұл ақпаратты растай да, терістей де алмаймыз. Бірақ дереккөз бұл істі Сүлейменнің өзі құлап қайтыс болды деп тергеуді прокуратураға тапсырғанын айтты",- дейді басылым журналистері.

19 ақпанда АҚШ-та тұратын түркіменстандықтар 14 жастағы дзюдошының өліміне байланысты БҰҰ-ның Нью-Йорктегі кеңсесі алдында пикет өткізуді жоспарлап отыр. Олар кінәлілерді тауып, жазалауды талап етеді.ж

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899345-14-zasar-baluandy-zenil-degen-buiryqty-oryndamagany-usin-aiuandyqpen-oltirgen/