Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

Опубликовано:

Нұртілеу Иманғалиұлы
Нұртілеу Иманғалиұлы. Фото: jasqazaq.kz

Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті деп хабарлайды Qazaqstan ұлттық арнасы.

Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас, "Айна", "Жас жігер", "Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

Журналистиканың майталманы 2006-2007 жылдары – "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік Қоғамының Басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары "Қазақстан РТРК" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарып, өзінің ізбасар шәкірттерін тәрбиеледі.

KAZ.NUR.KZ редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899351-qazaq-televiziyasynyn-ardageri-nurtileu-imangaliuly-omirden-otti/

pixel