Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мүгедек қыз 7 жыл бойы зорланды деген ақпарат тарады: Тексеру басталды

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында көптеген заң бұзушылық анықталды деп жазады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, жоспардан тыс тексеріске Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутованың Instagram әлеуметтік желісіндегі өтініші негіз болған. Әйел І топтағы мүгедек қызы мекемеде 7 жыл бойы зорланғанын хабарлаған болатын.

Оның сөзінше, эпилепсиямен ауыратын қызы есінен танған кезде оған зорлық жасалған.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралған мониторингтік топ қызмет алушылардың құқықтары бұзылғанын және орталық қызметін ұйымдастыруда кемшіліктер жіберілгенін анықтады. Мәселен, бірнеше палатада жатын алаңдар нормаға сәйкес келмейді, яғни тиісті 5 м2 алаңның орнына қызмет алушыға 3-тен 4,5 шаршы метрге дейін келеді.

"Кейбір қызмет алушылардың жеке жұмыс жоспарлары оңалтудың жеке бағдарламасы ескерілмей жасалған. Бұдан басқа, қызмет алушылар жұмсақ инвентарьмен және киіммен толық көлемде қамтамасыз етілмеген. Қызмет алушылардың киімінің маркировкасы жоқ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, асхана, ас бөлмесі, азық-түлік қоймасын тексеру кезінде бірқатар заң бұзушылық анықталды. Заң бұзушылықтар орталықтың лауазымды адамдарына бақылаудың жоқтығын көрсетеді, ас блоктарында және басқа да үй-жайларда  санитарлық талаптардың сақталмауынан жаппай инфекция жұқтыру қаупі бар.

Сонымен қатар, 2020 жылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс тобы объектіге барған кезде жасаған ескертулерге мекеме басшылығы құлақ аспағаны аталып өткен.

Соңғы тексеріс арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша заң бұзушылықтар жойылмағанын көрсетті.

"Тексеріс нәтижесі бойынша еңбек министрлігінен Шымкент қаласының әкімдігіне орталық директоры Мырзахан Жолтаевты атқаратын лауазымынан босату және мекеме басшысын қоғамның белсенді өкілдері қатарынан тағайындау туралы мәселені қарау жөнінде ұсыныс жіберілді", - деп хабарлады ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899646-symkentte-mugedek-qyz-7-zyl-boiy-zorlandy-degen-aqparat-tarady-tekseru-bastaldy/

pixel