Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда азаматтардың аты-жөнін латын қарпімен жазу ережесі әзірленбек

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанда 2021 жылы азаматтардың аты-жөнін латын графикасына негізделген әліпбиге сай жазу ережелері әзірленеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында айтылды.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің 2021 жылы атқаратын жұмысына тоқталды.

"Абай институты" атты Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілету бағдарламасын жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейту жоспарланған. Сонымен қатар, азаматтардың аты-жөнін латын негізді әліпбимен жазу ережелері дайындалады", - Дәуешов.

Одан бөлек, Қазақстан аумағындағы географиялық нысандардың және олардың құрамдас бөліктерінің атауы латын графикасы негізінде стандартталады.

Мәдениет және спорт министрі орынбасарының сөзінше, 2021 жылы мемлекет басшысының "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы" жарлығына да өзгерістер енгізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың аяғында үкімет басшысы Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Жиында латын графикасына негізделген әліпбидің жетілдірілген нұсқасы көрсетілді.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған.  Бұл әліпбиде қазақ тілінің  28 дыбысы толық қамтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899707-2021-zyly-qazaqstandyqtar-aty-zonin-latyn-qarpimen-zazu-erezesi-azirlenbek/

pixel