RU

Қарағанды облысында үш ай бұрын жоғалған азаматтың мәйіті мия шөп астынан табылды

Марқұм
Фото: Еріктілер

Ақтоғай ауданындағы ауылдардың бірінде мия шөптің астынан үш айдан бұрын жоғалған азаматтың денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер кісі өлтіру бабы бойынша іс қозғады.

Сейтғазы Тұрғамбаев өткен жылдың 15 қарашасында із-түссіз жоғалған. Оны туыстары мен полицейлер, еріктілер іздеген. Ал жақында тәртіп сақшылары оның денесін тапты. Азаматтың денесі Ақтоғай ауданы Орта дересін ауылынан анықталды. Олар марқұмның өлімі бастан соққы тигеннен орын алғанын хабарлады. Полиция қызметкерлері саусақ ізі арқылы күдіктіні қолға түсірді.

Ол Ақтоғай ауданының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Азамат пен марқұмның арасында өлер алдында кикілжің туындағаны белгілі болды. Азаматқа Қылмыстық кодекстің 99- бабы бойынша айып тағылды.

"Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жалғасып жатыр",- деді ведомствоның баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, Байқоңырда жоғалып кеткен екі оқушының бірі өлі күйінде табылған еді. Оның денесін Сырдария өзенінен тапқан болатын.

Іздеу салынған қос жеткіншек 20 ақпан күні сағат 10:30 шамасында бассейннен шығып, үйлеріне оралмаған. Анықталғандай, жасөспірімдер "Маяк" спорт кешенінде өткен жаттығудан кейін жоғалып кеткен. Олардың іздеу жұмыстарына Қазақстан мен ресейлік полицейлер және ТЖМ өкілдері, прокуратура қызметкерлерімен бірге еріктілер де жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1900227-qaragandy-oblysynda-us-aidan-buryn-zogalgan-azamattyn-maiiti-miya-sop-astynan-tabyldy/